Бiз Қазақстанда және дүние жүзiнде бiлiм беру саласында саясат мәселелеріне ықпал ететін мемлекеттiк құрылымдармен және ресми адамдармен, жоғары оқу орындармен, университеттердiң басшыларымен, профессорлар және студенттермен түрлі жобалар атқару барысында Ұлыбританияның озық тәжiрибесiн тарату, саясат мәселелері бойынша диалогтарды дамыту және халықаралық iстестiк және әрiптестiкке қолайлы жағдайлар тұғызу арқылы жоғары бiлiм саласындағы халықаралық қарым-қатынасты нығайтамыз.
Қазақстандағы жоғары бiлiм саласында бiз келесi бағыттарда қызмет көрсетеміз:
Зерттеулер және бiлiм саласындағы халықаралық стратегиялық серіктестiктер (INSPIRE) – 2008 жылдан атқарылып келе жатқан аймақтық жоба, Ұлыбритания мен Орталық және Оңтүстiк Азиядағы Пәкістан, Бангладеш, Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан сияқты аймақтың дамуына стратегиялық ықпал ететін бір қатар елдер арасындағы академиялық және зерттеушi әрiптестiктердiң күшейтуiне және өлкенiң дамытуы үшiн бағытталған. INSPIRE жобасы стратегиялық серіктестiктер, көшбасшылық бағдарламалар, саясат мәселері бойынша диалогтар, сонымен қатар, жоғары бiлiм саласындағы зерттеушi және аналитикалық бағдарламалар арқылы Ұлыбританияның жоғары оқу орындары мен аймақтық және жергiлiктi департаменттер, институттар және бiлiм саласындағы саясаттың құрылуына жауапты ресми адамдардың әрекеттерiн ұйымдастырады.
Жоғары білімнің интернационализациясы (IHE) – білім саласындағы әрiптестiктердің ғаламдануына, инновациялардың дамуына, саясат мәселелері бойынша пікірталастың кеңейтуіне және әлемдiк өнер-бiлiм экономиканың дамытуы үшiн коммерциялық кәсiпорындарымен әрiптестiктiң жаңа үлгiсiнiң жасауына бағытталған жаңа глобалдық жоба.
IHE төрт негiзгi бағытта жұмыс атқарады:
Бiлiм саласындағы серіктестiктер: Қазақстан және Ұлыбританияның жоғары оқу орындарының арасындағы стратегиялық серіктестiктердiң дамытуы, мүмкіндігінше үкiмет қолдауымен.
Саясат мәселелері бойынша диалогтар: қазақстандық бiлiм саласында саясатты құратын ресми адамдар және маман-практиктер үшiн жоғары бiлiмнiң негiзгi мәселелерiн талқылауға мүмкiндiк беру. British Councilдiң тiзiмiнде бүгiнгi күнге дейін –2008, 2010, 2011 жылдары өткен Going Global, жоғары бiлiмiнiң сұрақтары бойынша iрi халықаралық конференцияның шеңберiнде қазақстандық делегацияның стратегиялық диалогтарға қатысуға ықпал етуі, «дөңгелек үстелдер» («Жоғары бiлiмнiң интернационализациясы», Алматы, 2009 жылдың қазанында) және аймақтық форумдардың (Жоғары бiлiм саласындағы инновациялар мәдениетiнiң дамыуы, Исламабад, 2010 жылдың, қарашасы) өткiзуі.
Маркетинг мәлiметiнiң жүйесi: студенттердiң халықаралық мобилдiлiгiнiң, шешiм қабылдаудың және интернационализацияның салыстырмалы әдiстерiн түсiнуiне мүдделi барлық жоғары оқу орындары және ұйымдарға арналаған веб-портал арқылы нарық конъюнктурасының талдауын қамтамасыз ету. (http://ihe.britishcouncil.org/ihe-exchange)
Студенттер және бiтiрушiлер: жоғары оқу орындарының арасындағы әрiптестiктердi дамытуға бағытталған кең контекст шеңберiнде, Ұлыбританияға оқуға бара жатқан немесе Ұлыбританиядан оқудан келген студенттерге қолдау көрсету. Ұлыбританиядағы бiлiм алған бұрынғы студенттердiң бiрлестiгін Қазақстанда құруға және олармен байланыста болуға бiтiрушiлермен жұмыс бағытталады.
Жоғары бiлiм саласында бiздiң атқаратын жұмысымыз туралы толық мәлiметпен танысу үшiн, осы бөлiмнiң басқа беттерiн көріңіз. Сұрақтарыңызды Диляре Вудворд жоғары бiлiм бойынша жобаларының менеджерiне, жолдауыңызға болады.
The United Kingdom’s international organisation for cultural relations and educational opportunities.
A registered charity: 209131 (England and Wales) SC037733 (Scotland)
Our privacy and copyright statements.
Our commitment to freedom of information. Double-click for pop-up dictionary.
Open the original version of this page.
Usablenet Assistive is a UsableNet product. Usablenet Assistive Main Page.